03
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Сөйлеген сөзіміздің барлығына жауап береміз бе?

Сөйлеген сөзіміздің барлығына жауап береміз бе?

Ислам тарихы

«Сонда Алла оларға бұл сөздері себепті сый берді» ("Мәидә", 85).

«Бұл сөздері себепті лағынеттелді» ("Мәидә", 64).

Ешқашан сөздің құдіретін елеусіз қалдырма! Бір сөз сені жәннатқа жетелейді. Басқасы тозаққа апаруы мүмкін! Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адам Алла разы болатын бір сөзді әншейін айта салады да, сол себепті Алла оның дәрежесін көтереді. Ал басқа бір адам Алла разы болмаған бір сөзді айта салады да, сол себепті Алла оны жәһәннамның түбіне лақтырады», – дейді.

Сахаба Муғаз бин Жәбәл: «Уа, Алланың Елшісі! Сөйлеген сөзіміздің барлығына жауап береміз бе? – деп сұрайды. Сонда хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с.): «Адамдардың мұрындарымен жер сүзіп, тозақта азапталуының басты себебі – осы тілдің кесірі», – деп жауап берген.

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: