05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Құдай мені неге жазаламай жатыр?

Құдай мені неге жазаламай жатыр?

Ислам тарихы

«Жүректері Алланы еске алудан қатайғандар құрысын!» ("Зүмәр", 32).

Тәкаппар, күнәһар адамның Алланың күш-қуатын кемсітіп: «Құдай мені неге жазаламай жатыр?» – деп сұрап жатқанына куә боласың.

Ей, надан! Сенің алдыңда тұрған жазаңнан ауыр қандай жаза бар?!

Жаназаның жанынан өтесің, бірақ оған мән бермейсің, өлім туралы аяттарды естисің, бірақ оларға үңілмейсің.

Міскінді кездестіресің, бірақ жүрегің оған жұмсақ бола алмайды. Сонда сен әлі: «Жаза қайда?!» – деп сұрап тұрсың ба?

Жүрегі қабірге айналудан ауыр қандай жаза бар?!

Ғалымдардың бірі айтқандай: «Адам үшін жүректің қатаюынан асқан азап жоқ!»

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: