05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

«Адам баласы өз-өзіне қарсы куә болады...» («Қиямет», 14)

«Адам баласы өз-өзіне қарсы куә болады...» («Қиямет», 14)

Ислам тарихы

«Адам баласы өз-өзіне қарсы куә болады...» («Қиямет», 14)

Егер сендегі жоқ нәрсені мақтаса, мақтаушылардың мадағы саған пайда бермейді.

Егер сендегі жоқ нәрсе сөгілсе, даттаушылардың сөзі саған зиян бермейді. Адам қанша кемелдікке жетсе де, оны жек көріп тұратын біреу бар. Тіпті Пайғамбарлардың өзін барлық адам жақсы көрмеген. Адам қанша бұзылған болса да, оны жақсы көріп тұрушы бар. Тіпті, Перғауын мен Намрудты жақсы көргендер де болған. Имам Мәлик бір кісіден:

– Адамдар мен жайлы не айтып жатыр?, – деп сұрайды. Ол кісі:

– Достарың мақтап, ал жауларың даттап жатыр, – деген екен. Сол кезде Имам Мәлик;

– Aдамдар әрқашан осындай. Біреулер сені жақтаса, басқалары жамандайды. Алайда барлығының бірігіп бір ойда болуынан Аллаға сиынамын, – деген екен. Себебі барлық адамдар сені мақтап кетсе, даңдайсып кетерсің. Ал барлығы бірдей даттаса, олардың айтқандарынан бір нәрсе болсын шындыққа жанасар. 

 

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: