05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Адамның ең қатерлі дерті – нығметтерді нығмет ретінде көрмеуі

Адамның ең қатерлі дерті – нығметтерді нығмет ретінде көрмеуі

Ислам тарихы

«Алайда сендер Оның осынау нығметтеріне өте аз шүкіршілік қыласыңдар...» ("Муминун", 78).

Алла Тағаланың бізге әрдайым беріп жатқан нығметтеріне үйреніп кеткеніміз соншалықты, оны міндетті нәрсе деп қабылдап, шүкіршілік қылудан бас тартып кеттік. Қалағанымызды сатып аламыз, алайда сол ақшаны кім бергенін ұмытамыз. Барлық күш-қуатымызбен шапқылап жүреміз, алайда денсаулықты кім бергенін ұмытамыз.

Ауруханада жатқандардың қасынан өткенде, амандықты кім бергенін ұмытамыз. Түрмелердің жанынан өткенде, бостандықты кім сыйлағанын ұмытамыз. Өлім мен апаттарды көріп жатамыз, алайда тыныштықты кім бергенін ұмытамыз.

Адам баласының ең қатерлі дерті – нығметтерге еті үйреніп, оны нығмет ретінде көрмеуі. Басындағы баспанаң – нығмет, себебі үйсіз жүрген қаншама босқындар бар. Жанындағы иық тірер азаматың – нығмет, себебі қаншама жесірлер бар. Секеңдеген балаң – нығмет, себебі ұрпақ сүйе алмай жүрген қаншама адамдар бар.

Әрқашанда былай айт: «Уа, Раббым! Өзіңе шүкіршілік қыламын. Себебі шүкір еткен сайын нығметтер еселенеді».

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: