05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Олар сен садақа берсең, рия дейді, бермесең сараң дейді

Олар сен садақа берсең, рия дейді, бермесең сараң дейді

Ислам тарихы

«Ол Алланың алдында өте абыройлы еді» ("Ахзаб", 69).

«Ол Алланың алдында өте абыройлы еді». Бұл – адамның емес, Алланың бағалауы, Оның өлшемі. Нұхты өтірікке шығарды, Ибраһимді өртейміз деп отқа тастады, Мұсаны өлтіреміз деп сыртынан айла жасады, Салихты шаршатты, Шұғайыпқа қарсы шықты, Яхияны өлтірді, Зәкәрияны арамен аралады, Исаны айқышқа кермекші болды. Ал Пайғамбарымызды Меккеде өтірікке шығарды, Таифта таспен атты, үйінің алдында өлтірмекші болды, Мәдинаға шыққанда артынан қуды, «Бәдір» мен «Ұхудта» соғысты, «Хандақта» қоршауға алды, соңында етпен улады. Ал сен адамдардан не күтесің?!

Олар сен садақа берсең, рия жасады дейді, бермесең сараң дейді, насихат айтсаң, тыңдамайды, үндемесең, қорқақ дейді, сауда жасасаң, дүниеқұмар дейді, үйде отырсаң, ештеме істемейді дейді, сынасаң, айып іздеп жүреді дейді, айтпасаң, мән бермейді дейді. Міне, осыны айтатын – адамдар. Арасында қымбаттары болса да, көбі арзан. Өзіңмен өзің ғана болып өмір сүр! Біреудің аузын баққан уайымнан өледі. Ешкімді ешқашан разы қыла алмайсың. Әрқашан «Ол Алланың алдында өте абыройлы еді» деген аятты есіңе ал. Алланың алдындағы абыройыңды ойла...

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: