Истиғфар – тек күнәдан арылу ғана еместі. Яки пайдасы мен әкелері көп зікір әрі дұға.
Ризық несібенің артуына, жақсы амалдардың көбеюіне, қиындықтан құтылуға, жүрек тыныштығына тиетін үлкен себеп болады. Қаншаламаған ізгіліктің бастауы мен жаман әдеттерімізден құтылуға, есте сақтауымыз күшейіп жадымыз жақсаруына зор пайда әкеледі.
Истиғфар айту қорыта айтқанымызда, тек күнә жасаған кезде емес, әр күні айтылатын барша мүміндерге, адам баласына қажет көркем, қажет амал. Пенденің Алламен байланысын нығайтатын құлшылықтың бір түрі.
Истиғфар құлдың Раббысымен сырласып, кемшілігін мойындап, кешірім тілейтін ең асыл ғибадат. Ол – сезіне білген мүминге, бүкіл жүрегі тірі, иман хәлі сергек мұсылманның өмірлік серігі болуы тиіс. Себебі адам баласы «нисиян» ұмытшақ, бейқам жаратылыс. Қай сәтте қателік жасап қойғанын өзі де байқамай қалуы мүмкін. Міне, сондықтан истиғфар – жүрекке күзетші. Жанға шифа. Рухты тазалаушы ең хайырлы құрал.
Истиғфар – үміттің есігін ашатын кілт. Пенде мойнындағы күнәнің ауыртпалығын сезініп, Алланың рахымынан үзбесе игі. Кешірім тілесе, Раббысы оны мейірім құшағына алары сөзсіз. Алла – аса Кешірімді, шексіз Мейірімді. Ол құлының ықыласпен айтқан бір ғана «Аллаһым, мені кешіре гөр!» деген сөзін естіп, күнәларын теңіз көбігіндей көп болса да, бір тау толы күнәларды арқалап келсе де кешіруге Құдіретті.
Сондықтан истиғфар – тек кешірім тілеу ғана емес. Рухани жаңғыру, жүректің кірден тазалануы, құлдың Раббысына қайта бет бұруы. Ол күнәдан арылтып ғана қоймайды. Өмірге береке, жүрекке тыныштық сәкинасын, дұға-тілекке қабыл болар үміт әкелетін нұрлы жол.
Ақиқатында, истиғфар – күнәдан арылуға себеп әрі жәннатқа бастар жарық шам. Сол шамды сөндіріп алмастан жүрегімізде мәңгі жағып өту – әрбір мұсылманның міндеті және асыл мұраты.
материал «Истиғфар - рахмет есігі» кітабынан алынды,
ummet.kz