11
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Қабыл болатын дұға – Оған оқылған дұға»

«Қабыл болатын дұға – Оған оқылған дұға»

Ислам тарихы

Қабыл болатын дұға – Оған оқылған дұға. Мүшріктердің Оны былай қалдырып, дұға етіп жалбарынған пұттары олардың бірде-бір дұғасына жауап бере алмайды. (Алладан өзгеге жалбарынғанның жай-күйі) аузыма су құйылсын деп, алдындағы бұлаққа қос алақанын жайған күйде отырған адамға ұқсайды. Алайда (ол солай тұра берсе,) су оның аузына әсте жетпейді. Міне, кәпірлердің дұға-мінәжаты (дәл сондай) бекершілік, жауапсыз қалатын дұға, одан басқа түк емес. ("Рағд" сүресі, 14-ші аят).

Кемшілік атаулыдан пәк Алла Тағала, Одан басқа құдай жоқ. Тек қана Оған құлшылық қылынады, тек қана Одан пана тіленеді. Ал Алладан басқа құдай тұтып жүрген пұттар олар дұға еткеннің дұғасына мүлдем жауап бере алмайды. Алла Тағала мүшріктер мінәжат етіп жүрген жалған пұттарды мына мысалға ұқсатады: бір адам қатты шөлдеген бірақ ол ой-өрісі тар ақымақ адам. Себебі ол су ішкісі келіп қолын алақанын жайған күйде қолын суға созады. Оны аузына апара бергенде су төгіліп қалады. Солайша ол мүлдем су іше алмайды. Өйткені су шақырған адамның шақыруын естімейді(яғни бұл жердегі су деп пұттар меңзелуде).

Мысалдың көздеген мақсаты: Пұттардың жауап қайтара алмайтынын кескінді түрде теріске шығару. Мүшріктер олардан не тілесе де, қанша құлшылық етіп, қажеттіліктерін сұраса да олар қасірет пен құрдымға кетуден басқа еш нәрсе бермейді. Өйткені жалған құдайлар өздігінен пайда мен зиян беруге қауқарсыз. Олар өзгелерді адастырудан басқа нәрсе бермейді.

материал «Құран мысалдары» кітабынан алынды,

ummet.kz 

Бөлісу: