«Бұл пайғамбар (с.ғ.с) мәңгілік мұғжизамен бірге жіберілген, Иса пайғамбар ол пайғамбар (с.ғ.с) және Құран жайлы былай деп айтып кеткен: «Сендерге алдағы болатын істер жайында айтатын болады».
Бұл мәңгілік мұғжиза – Құран Кәрім. Құран – барлық замандарға сәйкес келетін және уақыт өткен сайын ақиқаты дәлелдене беретін кітап. Онда медицина, астрономия, география, геология, заң, және тарих сияқты көптеген ғылым салаларындағы шындықтар айтылған. Қазіргі ғылым тексеріп, дәлелдеп жатқан нәрселерді Құран осыдан он төрт ғасыр бұрын баяндаған....»
Ибраһим Халил Ахмад. христиан діни қызметкері, миссионер 1919 жылы Александрияда дүниеге келген. Мысырдың теология факультетінде жоғары дәрежеде білім алып, содан кейін Принстон университетінің Америкадағы теология факультетінде білім алды.Асьют қаласында теология факультетінде ұстаздық етті. 1954 жылы Асван қаласына Швейцария-Германия өкілдігіне хатшы ретінде тағайындалды. Оның басты міндеті – исламға қарсы жұмыс жасау және христиан дінін насихаттау болды. Бірақ исламды терең зерттеу барысында ол дінді қабылдап, 1959 жылы ресми түрде исламын жариялады. Ол көптеген еңбектер жазды, соның ішінде ең көрнектілері: «Тәураттағы,Інжілдегі,Құрандағы Мұхаммед», «Ориенталисттер және араб және ислам әлеміндегі миссионерлер», және «Израиль ұрпақтарының тарихы». «Тәураттағы,Інжілдегі,Құрандағы Мұхаммед».
«Мұсылман Құранымен мақтануы керек, өйткені Құран тіршілік иелеріне нәр беретін су сияқты.» («Тәураттағы,Інжілдегі,Құрандағы Мұхаммед» кітабы 32 бет).
материал «Ақиқат алдында жеңілген жүрек» кітабынан алынды,
ummet.kz