«Оған, тіпті, бұтағынан үзіліп түскен бір тал жапырақтың да жайы мәлім» ("Әнғам", 59).
Ендеше сенің жүрегіңдегі жақсылықты, сенің адамдар үшін көтеріп жүрген махаббатыңды, барлығының жетістігіне өзіңнің жетістігіңдей қуанғаныңды, адамдардың қайғысына өзіңнің қайғыңдай қайғырғаныңды Алла қалайша білмес?!
Жаратушы біздің сыртымызға емес, ішімізге қарайды. Ендеше Алланың назары түсетін жерді көркемде!
«Адамның денесінде бір кесек ет бар. Егер ол сау (жақсы) болса, бүкіл дене сау болады. Егер ол ауырса (бұзылса), бүкіл дене ауырады (бұзылады). Әрине, ол – жүрек».
материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,
ummet.kz