18
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Шайтан сені қызықтырады, бірақ мәжбүрлемейді

Шайтан сені қызықтырады, бірақ мәжбүрлемейді

Ислам тарихы

«Сонда ол әйел: «Қане, келші маған!» – деді. Ол: «Алла сақтасын», – деді» ("Юсуф", 23).

Шайтан сені қызықтырады, бірақ мәжбүрлемейді. Кейбір адамдар саған күнәнің есігін ашып береді, алайда оның табалдырығына сені сүйремейді. Шешім әрқашан сенікі, өз ісіңнің басшысы – өзіңсің! Не істесең де, оны таңдау еркіндігіңмен жасайсың. Нені тәрк етсең де, оны таңдау еркіндігіңмен тастайсың.

Күнәні барлығы жасайды, алайда басқаларды сылтауратпа. Жағдайларды айтып ақталма. Адамдар көрмесе де, Алла әрдайым көреді. Жабулы жеті есігі бар бөлмеде сарайдың сұлу патшайымы Жүсіп пайғамбарды күнә жасауға мәжбүрлей алмады.

Кімде-кім күнә жасауды қаласа, терезенің тесігінен болсын кіретін жолды табар. Кімде-кім күнәдан қашуды қаласа, терезенің тесігінен болсын шығатын жол табар.

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: