07
Сәрсенбі,
Қаңтар

һижри

Біз неге Жаратқанға разы емеспіз?!

Біз неге Жаратқанға разы емеспіз?!

Ислам тарихы

Жүректің тыныштығын қаласаң, адамдардың не дегеніне мән берме! Жаратушысына разы болмағандар саған разы болсын ба? 

Жаратушыға разы болу – жазмышына, тағдырына, үкіміне, нығметіне шын көңілден разы болумен болмақ!

 Біз неге Жаратқанға разы емеспіз?

1. Нәпсіміз семірген! Себебі, нәпсі бәрін өзінің тілегеніндей болуын қалайды.

 2. Сабырсызбыз! Соққыны, қайғыны, сынақты қасқайып қабылдауға қауқарсызбыз.

 3. Шағымшылмыз! Сынаққа сынып, Жаратқаннан басқа әркімге мұң шағамыз.

 4. Дүние көңіл көзімізді перделеген! Басқа келген әр оқиғадан иләһи хикметті көруге көрміз.


Алла оларға разы, олар да Аллаға дән риза. Міне, осынау «разылық» мәртебесі Раббысына тиісінше тағзым етіп, Одан шын именетін ізгі жандарға нәсіп болады. 

материал «Тасаууф тұнығынан» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: