07
Сәрсенбі,
Қаңтар

һижри

Ақыреттің бір иелігін қалайсың ба?

Ақыреттің бір иелігін қалайсың ба?

Ислам тарихы

«Адамдарды Раббыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр» ("Нахл", 125).

Сен қаншалықты дұрыс, ол бұрыс болса да, сен қаншалықты тура жолда жүріп, ол адасса да, адамгершілік әрдайым бірінші орында!

Бір күні түнде Мәлик бин Динардың үйіне ұры түсіп, қолына іліп алар ешнәрсе таппай қалады. Сонда Мәлик оны байқап тұрып: «Не болды, ешбір зат жоқ па? Ақыреттің бір иелігін қалайсың ба?» – депті.

Бейшара ұры сасқанынан көне кетеді. Сонда ғұлама: «Дәрет ал, екі рәкағат намаз оқы», – дейді. Ұры намаз оқып, кейін мешітке қарай шығады.

Жұрт: «Бұл кім?» – деп сұрағанда, ғалым: «Бір нәрсе ұрламақ болып келген еді, бірақ оның жүрегін біз ұрлап алдық», – деп жаман ниетпен келген ұрыны жақсы жолға салғанын айтқан екен...

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: