11
Сәрсенбі,
Наурыз

һижри

Дәуіт (а.с) пайғамбар ораза ұстағандай ораза ұстамаймын

Дәуіт (а.с) пайғамбар ораза ұстағандай ораза ұстамаймын

Ислам тарихы

«Міне, осы таңдаулы тұлғалар – Алланың тура жолға салған құлдары. Ендеше (уа, расулым!) сен де солардың тура жолына түс!» ("Әнғам", 90).

Иә, Раббым! Мен сенің ұлықтығыңа лайықты түрде намаз оқымаймын.

Дәуіт (а.с) пайғамбар ораза ұстағандай ораза ұстамаймын.

Ауырсам, Айюб (а.с) пайғамбардай сабыр ете алмаймын.

Киттің ішінде болған Жүніс (а.с) пайғамбардай тәсбих айта алмаймын.

Яхия (а.с) пайғамбар секілді дінімді берік ұстана алмаймын.

Күллі денесін зинадан сақтаған Жүсіп (а.с) пайғамбардай көзімді төмен түсіре алмаймын.

Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардай отанынан қуып шыққан жерлестеріне Мекке фәтх етілген күні «Барыңдар! Сендер – боссыңдар» деп айтатындай кешірімді де емеспін.

Алайда мен – солардың жолындамын...

 

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: