«Мейлі ер болсын, әйел болсын, кімде-кім мүмін ретінде (Алланың разылығына бөлейтін) сауапты да игілікті істер атқарса, Біз оған міндетті түрде пәк әрі жақсы өмір сыйлаймыз» ("Нахл", 97).
Жақсы өмір дегеніміз – Алланың сені басқаларға мұқтаж қылып қоймауы. Бұл – әдемі сөз. Алайда аяттың алып-қосары бар: жақсы өмір дегеніміз – ауырып сырқаттанбау, кедей болып қалмау емес немесе атақмансаптың иесі болу да емес.
Жақсы өмір – ол қандай болса да, Алланың жазған тағдырына разы болу. Алланың тағдырына наразылық білдіру қиыншылық, шаршау, машақат әкеледі. Қашан Алла адамға тағдырына деген разылық сыйлайтын болса, адам молшылық пен таршылықта да шүкірлік етіп, керемет өмір кешетін болады.
материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,
ummet.kz