04
Сәрсенбі,
Наурыз

һижри

«Адамдарды ғайбаттағаның үшін амалдарың жоқ болды»

«Адамдарды ғайбаттағаның үшін амалдарың жоқ болды»

Ислам тарихы

«Содан олардың істеген барлық істеріне төне түсіп, күл қыламыз» («Фурқан», 23).

Хадисте: «Ақырет күні құлға амал кітабы беріледі. Оның ішін ашып қараса, ішінде намаз да, ораза да жоқ. Ешқандай ізгі амалдарын да көрмейді. Сол кезде ол: «Уа, Раббым! Бұл менің кітабым емес. Менің жасаған жақсылықтарым бар еді. Алайда бұл кітаптың ішінде жоқ», – дейді. Сонда оған: «Сенің Раббың шатаспайды да, ұмытпайды. Адамдарды ғайбаттағаның үшін амалдарың жоқ болды!» – деп айтылады».

Аллаға басқа біреу үшін құлшылық жасаудан сақ бол! Жасаған жақсылықтарың ертеңгі күні көңілін қалдырғанадамға, малын жегенге, ар-намысын таптағанға, таныс арқылы жұмыс орнын тартып алғанға кетіп қалуынан сақ бол!

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: