«Аз амал ықыласпенен көп болады. Көп амал рияменен жоқ болады». Хасан Басри (р.а.)
Рияның (амалды Алла үшін жасамау) амалға кіруі 3 түрлі болады:
1. Құлшылықты әу бастан адамдарға көріну (басқаларға көрсету) үшін жасау. Бұл Аллаға серік қосу саналады, оны құлшылық деуге болмайды.
2. Амал басында Аллаға арналып, кейін оған рия араласса және құлшылықтың соңы басына негізделмесе (садақа беру сияқты), ол құлшылықтың басы дұрыс, соңы бекер. Ал құлшылық, намаз секілді, соңы басына негізделсе, жағдай екі түрлі болады:
а) Егер риямен күресіп, оны кетіруге тырысса, амалға әсері болмайды;
ә) Егер рияны кетіре алмаса, амал бүтіндей бұзылады.
3. Рия амал жасалғаннан кейін пайда болса, ол шайтанның уәсуасы, оның амалға да, амал етушіге де әсері жоқ. Сонымен қатар, рияның өте нәзік тұстары бар, оны білу және оны жасаудан сақтану уәжіп.
* Рия дегеніміз – амалды біреуге көрсету үшін, біреуден жақсы сөз, мақтау сөз есту үшін, пайдақорлық мақсатта, Алла разылығын көздемей жасалатын амал, яғни, мақтангершілік.
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұны кіші серік қосу деп атаған. Ал серік қосу – ең үлкен күнә әрі амалдардың жойылып кетуіне себеп болады.
материал «Ислам діні» кітабынан алынды,
ummet.kz