04
Сәрсенбі,
Наурыз

һижри

Насихат айтушы өз мүмкіндігін ескеруі керек

Насихат айтушы өз мүмкіндігін ескеруі керек

Ислам тарихы

Хасан әл-Басри: «Шын мәнінде, сен бауырыңды ол орындай алмайтын іске шақырмағаныңша оған дұрыс насихат айтқан болмайсың», – деген.

Сондай-ақ Хасан әл-Басри Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бір сахабасының: «Жаным қолында болған (Алла) мен ант етейін, шын мәнінде, пенделер арасында Аллаға ең сүйкімдісі – Аллаға пенделерді жақсы көрсетуге ұмтылатындар және Алланың құлдарына Алланы жақсы көрсететіндер, сондай-ақ жер бетінде (адамдарға) адалдық көрсететіндер», – деп айтқанын келтірген.

Әбу Бәкір әл-Музани: «Әбу Бәкірді (Алла оған разы болсын) Мұхаммедтің сахабаларынан артық еткен оның оразасы мен намазы емес, оны басқалардан артық еткен – оның жүрегіндегі нәрсе. Ал оның жүрегінде аса Жоғары Мәртебелі Ұлы Аллаға деген сүйіспеншілік және Оның жаратқандарына деген адалдық бар еді», – деген.

Фудайл ибн Ғиад: «Біздіңше көп намаз оқып, көп ораза тұтқан кісі шындыққа жеткен болып есептелмейді. Жаны жомарт, адал да таза жүректі, адамдарға адал болғандар ақиқатқа жеткен болады», – деп айтқан.

 

Насихат айту әдептері

Исламдағы насихат әдептерінің бірі – әрбір мұсылманның бауырына адал болуы және оған оңашада насихат айтуы. Өйткені Алла Тағала мұсылман бауырының айыбын бетіне баспаған адамның күнәларын дүниеде де, Ақыретте де жасырады. Ғұламалардың бірі: «Кім өз бауырына оңаша насихат айтса, адалдық деген осы, ал кім басқа адамдардың алдында айтса, оны балағаттаған болады», – деген.

Фудайл ибн Ғиад: «Мұсылман кісі бауырының айыбын жасырып, дұрыс ақыл-кеңес береді, ал пасық болса, айыптарын әшкерелеп, масқаралайды», – деген.

 

Хадистің пайдасы

Ибн Баттал айтқандай, бұл хадистің мынадай пайдалары бар:

– «Насихат – дін және Ислам, ал дін іс пен сөзде көрініс табады»;

– «Насихат айту – парыз кифая, орындаған сауап алады, ал басқалардың мойнынан түседі»;

– «Насихат айтушы өз мүмкіндігін ескеруі керек. Егер ол насихаты қабылданып, іске асырылатынына көзі жетсе және өзіне жамандық келмейтін болса, ұлағат айтады. Егер өзіне жәбір көрсетілуі мүмкін екендігінен қорықса, одан әрі өз қалауы бойынша шешім жасауға ерікті».

 

материал «Әл-Уафи» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: