19
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Алланың жәрдемін күтудің өзі де – ғибадат

Алланың жәрдемін күтудің өзі де – ғибадат

Ислам тарихы

«Демек, әрбір қиындықпен бірге, сөзсіз, жеңілдік бар. Иә, рас, әрбір қиындықпен бірге жеңілдік бар»  ("Инширах" сүресі, 5-6).

Алла жайлы тек жақсы ойлау, Алланың жәрдемін күтудің өзі де – ғибадат. Әрбір нәрсе жайлы жағымды пікір айту, жақсы ойлау – бақытты адамдардың сипаты. Әрбір қиындықтың соңы – жеңілдік.

Келген нәрсе кетеді. Бір қиындық екі жеңілдікті жеңе алмайды. Аятта қиындық сөзі араб тіліндегі белгі есім формасында «әл-ғуср» деп келсе, жеңілдік белгісіздік формасында «йусрон» деп екі рет айтылған.

Тәпсірші ғалымдар осыған сәйкес «Әрбір қиындықтың соңында екі жеңілдік бар» дейді. Әрбір мүшкіл шешілуге барады. Ауру созыла бермейді, уайым өмір бойы адаммен қалып кетпейді. Қайғы адаммен бірге қабірге дейін бармайды. Кембағалдық өмір бойы адаммен ілесіп жүрмейді. Адамның осы ақиқатты біліп, оған сеніп, Алла жайлы тек жақсылық ойлауы керек. Жан тыныштығымен бәрін тек жақсылыққа жорып, рахат өмір сүрсе, оның бақытты болғаны. «Пенде қалай ойласа, Алла солай мәміле жасайды». Барлық нәрсе адамның ішкі пейіліне байланысты. Ішкі тыныштық адамды бақытқа жеткізеді.

 

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: