24
Сенбі,
Қаңтар

һижри

Бұл хадис – әдептің ең ұлы негіздерінің бірі

Бұл хадис – әдептің ең ұлы негіздерінің бірі

Ислам тарихы

Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын):

«Алла елшісі (с.а.с.): «Адамның Исламды жақсы ұстануының белгісі – оның өзіне қатысы жоқтан бас тартуы», – деді», – деген.

Хадистің маңыздылығы:

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) соңынан ілесіп, одан көркем мінез бен әдептілікті үйренген Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) оның көптеген сөздерін бізге жеткізген. Мұндай қысқа әрі нұсқа, пайдалы сөздер біздерге Ақырет бақыты мен осы дүние игілігін ненің қамтитындығын түсіндіреді. Ғұламалар атап өткендей, бұл сөздер шын мәнінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көлемі жағынан қысқа, мазмұны жағынан терең сөздеріне жатады. Бұрын-соңды мұндай сөздерді ешкім айта алмаған.

Шындығында, бұл сөздер дініміздің жартысын қамтиды, өйткені дін дегеніміз – бір амалды орындау және екінші бір амалдан бас тарту, ал бұл жерде бас тарту туралы айтылған. Кейбір ғұламалар: «Бәлкім, бұл (хадис) бүкіл дінді қамтиды, өйткені мұнда бас тарту туралы айтылған және қандай амалдардың қажет екені де көрсетілген», – деп айтқан.

Ибн Ражаб: «Бұл хадис – әдептің ең ұлы негіздерінің бірі», – деген. Әбу Дауд: «Шариғат ғылымындағы сүннет негіздері – төрт хадис», – деп, соның бірі ретінде осы хадисті атаған (Ибн Дақиқ әл-Ғид, 40).

материал «Әл-Уафи» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: