28
Сәрсенбі,
Қаңтар

һижри

Үндемеу – даналық, бірақ соны істейтіндер аз

Үндемеу – даналық, бірақ соны істейтіндер аз

Ислам тарихы

Білгін: уақыттың қадірін білген жан, оның өзінің ең басты капиталы екенін түсінеді.

Сондықтан оны тек пайдаға ғана жұмсайды. Бұл білім (уақыттың қадірін білу) адамға қатысты емес нәрселерді айтуға тілін тежеп отыруды талап етеді. Өйткені кім Алланы тастап, өзіне қатысы жоқ істермен шұғылданса, ол асыл тасты алуына мүмкіндік бола тұра, орнына бір кесек саз балшық алған адам сияқты. Бұл – ғұмырды зая қылу.

Сахих хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтты: «Адамның Исламдағы көркемдігінің белгісі – оған қатысы жоқ нәрселерді тастау»

Лұқман Хәкімнен:

– Сенің даналығың қалайша осынша дәрежеге жетті? – деп сұралғанда, ол былай деді: «Маған жеткілікті нәрсе туралы сұрамадым, әрі өзіме қатысы жоқ нәрсе жайында сөйлеген емеспін».

Риуаят етіледі: Лұқман Дәуіт пайғамбарға (оған сәлем болсын) кіргенде, Дәуіт сауыт тоқып отырған еді. Лұқман көргеніне таң қалып, сұрағысы келді. Бірақ оның даналығы оны тоқтатты да, үндемей қалды. Дәуіт сауытын тоқып бітірген соң, киіп көріп:

– Бұл соғысқа қандай жақсы сауыт! – деді. Сонда Лұқман: «Үндемеу – даналық, бірақ соны істейтіндер аз», – деді.

 

материал «Он бәлленің тоғызы тілден» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: