28
Сәрсенбі,
Қаңтар

һижри

Тілден келетін апат: Діндегі сөздерді қате айту

Тілден келетін апат: Діндегі сөздерді қате айту

Ислам тарихы

Әсіресе Аллаға қатысты. Мұндайда араб тіліне жетік, дінді толық білетін ғалымдар ғана сақтандыра алады.

Ал білімі таяз кісі сөзінде қателіксіз болмайды. Бірақ Алла оны надандығы үшін кешіреді Пайғамбар  (с.ғ.с) айтты: «Сендер “Алла қаласа және сен қаласаң” демеңдер, “Алла қаласа, содан кейін сен қаласаң” деп айтыңдар». Өйткені бірінші түрі Аллаға серік қосуға жақын.

Хұтбашы: «Кім Аллаға және Елшісіне қарсы келсе, екеуіне қарсы шыққан болады» деп айтты.

Пайғамбар (с.ғ.с) түзетті: «Кім Аллаға және Елшісіне қарсы келсе» – деді.

Сондай-ақ Пайғамбар (с.ғ.с): «“Құлым, күңім” деп айтпаңдар. Сендердің бәрің Алланың құлдарысыңдар, әйелдерің Алланың күңдері. “Балам, қызметшім” деп айтыңдар».

Нәхәғи айтты: «Адам біреуге “Әй, есек, әй, доңыз!” десе, Қиямет күні оған: “Мен оны есек қылып жараттым ба? Мен оны доңыз қылып жараттым ба?” – делінеді».

Мұндай мысалдар көп. Қарап шыққан жан тілін еркіне қоя берсе, құтылмайтынын біледі. Сол кезде Пайғамбардың (с.ғ.с) «Кім үндемесе, құтылады» деген сөзінің хикметі айқындалады. Өйткені тілдің апаттары өте көп, ал үнсіз қалған жан – аман.

Қысқасы: Лұқман хәкімнің «Егер сөйлесу – күміс болса, үнсіздік – алтын» дегені осы жерде айқын көрінеді...

 

материал «Он бәленің тоғызы тілден» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: