28
Сәрсенбі,
Қаңтар

һижри

Хикмет пен тақуалық – бір анадан туған бауырлар

Хикмет пен тақуалық – бір анадан туған бауырлар

Ислам тарихы

Хикмет пен тақуалық – бір анадан туған егіздер секілді жақын бауырлар. Сол сияқты күнәлар мен мал-дүние – басы жиі бірігетін бір мекеннің тұрғындарындай.

Өзің туылған отаның саған тарлық етіп, тұрғындары қыспаққа алып, сыйдырмаса, қорықпастан сапар шек. Әлбетте, оның орнын толтырушы мекен табасың. Өйткені, өзін шынайы Алланың құлы екенін сезіне білген адамға – бүкіл әлем Алланың мүлкінде.

Ей, зұлымдығына қуанып жүрген залым! Ояу бол! Өйткені, жасаған зұлымдықтарыңның нәтижесі бүгін бүркенсе де, расында келер күндер ояу, әрі сені сол зұлымдықтарыңның зардабын шектіру үшін күтіп тұр.

Ащы жемістің дәмін ешкім ұнатпайтыны секілді, ақыл иесі де зұлымдықты құптамайды, әрі зұлымдық жасамайды. Ей, сені Алла іліммен, әрі оған тұрақты амалмен құрметті етіп қойған жан! Расында, сен Раббыңның разылығының төріндесің, әрі жақсы адамдардың ізгі дұғаларындасың.

Ей, надандық иесі! Надандықтан сақ бол! Өйткені, бүкіл дүние мен оның ішіндегілерін иеленсең де надандық саған қанағат сыйламайды. Дүние тіршілігі ауыспалы. Адамзат әрқашан бір хәлде күн кешпейді. Кімде-кім бір күн еріксіз қуанса, басқа күндері үздіксіз қайғы-қасырет ішінде болуы әбден мүмкін. Жүрегіңе жақын адамдар сенен бас тартып, жалғыз қалдырса да мұңайма! Өйткені сен барлық адамзат ішінен басқа да көптеген шынайы бауыр таба аласың.

Хикмет пен тақуалық – бір анадан туған егіздер секілді жақын бауырлар. Сол сияқты күнәлар мен мал-дүние – басы жиі бірігетін бір мекеннің тұрғындарындай.

Өзің туылған отаның саған тарлық етіп, тұрғындары қыспаққа алып, сыйдырмаса, қорықпастан сапар шек. Әлбетте, оның орнын толтырушы мекен табасың. Өйткені, өзін шынайы Алланың құлы екенін сезіне білген адамға – бүкіл әлем Алланың мүлкінде.

Ей, зұлымдығына қуанып жүрген залым! Ояу бол! Өйткені, жасаған зұлымдықтарыңның нәтижесі бүгін бүркенсе де, расында келер күндер ояу, әрі сені сол зұлымдықтарыңның зардабын шектіру үшін күтіп тұр.

Ащы жемістің дәмін ешкім ұнатпайтыны секілді, ақыл иесі де зұлымдықты құптамайды, әрі зұлымдық жасамайды. Ей, сені Алла іліммен, әрі оған тұрақты амалмен құрметті етіп қойған жан! Расында, сен Раббыңның разылығының төріндесің, әрі жақсы адамдардың ізгі дұғаларындасың. Ей, надандық иесі! Надандықтан сақ бол! Өйткені, бүкіл дүние мен оның ішіндегілерін иеленсең де надандық саған қанағат сыйламайды.

Дүние тіршілігі ауыспалы. Адамзат әрқашан бір хәлде күн кешпейді. Кімде-кім бір күн еріксіз қуанса, басқа күндері үздіксіз қайғы-қасырет ішінде болуы әбден мүмкін. Жүрегіңе жақын адамдар сенен бас тартып, жалғыз қалдырса да мұңайма! Өйткені сен барлық адамзат ішінен басқа да көптеген шынайы бауыр таба аласың.

 

материал «Хикметтердің сарасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: