Егер сізге байлық нәсіп етілмесе, онда аса Құдіретті де Ұлы Алланы дәріптеңіз, Оны ұлықтаңыз, Оған мадақ айтыңыз және «Алладан басқа ешбір құдай жоқ» деңіз, өйткені бұл сөздердің әрқайсысына берілер сауап садақа үшін берілетін сауаппен теңеседі, ал бұдан артық қандай сауап бар?!
Иә, солай, басқаша болуы да мүмкін емес, өйткені бұл сөздердің мәңгілік ізгі амалдар екендігі бізге мәлім. Себебі Алла Тағала: «Ал бақи қалатын жақсылықтар болса, Раббыңның қасында; табыс бойынша да жақсы әрі үміт тұрғысынан да жақсы»; «Ал (намазда және басқа кездерде) Алланы зікір ету (бәрінен де) ұлы», – деген.
Бұл Алланы зікір ету үшін ең үлкен сауап (сыйлық) беріледі дегенді білдіреді. Пайғамбар (с.а.с.): «Алла Тағала Өз құлдарынан кімді қаласа, ол (пендеде) садақа бермеген бір де бір күн, түн немесе сағат болмайды және Алла Тағала Өзінің құлдарынан ешкімге Өзін еске алудың (қажеттігі туралы ойды) санасына жеткізуіне тең келе алатын сыйын сыйлаған емес», – деген (Ибн Мәжәһ).
Алла елшісінен (с.а.с.) бір күні: «Қиямет күні Алла құзырында Оның қандай құлдары ең қадірлі болады?», – деп сұралғанда, ол (с.а.с.): «Алланы жиі есіне алатын еркектер мен әйелдер», – деді (Ахмад, әт-Тирмизи).
материал «Әл-Уафи» кітабынан алынды,
ummet.kz