Мақтаудың екі зияны бар:
Хадисте: «Адамдардың ең жаманы – екі жүзді: бұларға бір жүзбен келіп, басқаларға басқа жүзбен барады» делінген. Мақтаушыға қатысты: білмей тұрып «пәлен тақуа, пәлен діндар» деп айтады. Бұл – өтірікке ұласады. Кейде мақтауға тұрмайтынды мақтайды.
Хадисте: «Алла фәсиқ (күнәһар) мақталған кезде ашуланады» делінген. Хадисте: «Кім зұлымға өмірінің ұзақ болуын тілесе, Аллаға қарсы келуін қалағаны», – деді. Мақталушыға қатысты: мақтау кеудеқоулық пен өзін-өзі ұнатуға итермелейді, бұл – апат. Сондай-ақ ол өзін жеткілікті көріп, ғибадатта босаңсып кетеді. Сол үшін Пайғамбар (с.ғ.с) біреуді мақтағанын естігенде: «Әттең, бауырыңның мойнын шаптың!» - деген.
Риуаят: Хасан айтты, Омар (р.а.) қолында таяғымен отырған еді. Жаруд атты кісі келе жатты. Біреу: «Бұл – Рабиға тайпасының мырзасы!» - деді. Омар (р.а.) мұны естіді, Жаруд та естіді. Жақындағанында, Омар оны таяғымен ұрды.
Жаруд: «Маған неге олай істедің, ей, мұсылмандар әміршісі?» - деді. Омар: «Мына сөзді естідің бе?» – деді. Ол: «Иә, естідім», - деді. Омар: «Мен қорықтым, бұл сенің жүрегіңе мақтаныш салып жібермесін деп, басыңды еңкейтіп қойдым», - деді.
Демек, мақтау адамды өз-өзіне риза қылады. Ал егер мақтау осындай апаттардан таза болса – рұқсат.
Пайғамбар (с.ғ.с) да Әбу Бәкір мен Омарды және басқа сахабаларды мақтаған. Ал мақталған адам кеудемсоқтық пен жалқаулықтан өте сақ болуы тиіс. Шындығында өзін өзі жақсы білсе, «Мені мақтап жатқан адам менің ішімдегі кемшіліктерді білсе, мақтамас еді» деп ойлауы керек.
Бір салиқалы кісі туралы риуаят: Оған адамдар мақтау айтқанда, ол: «Уа, Раббым! Олар мені білмейді, ал Сен мені білесің», - деп дұға қылған.
материал «Он бәленің тоғызы тілден» кітабынан алынды,
ummet.kz