Ризық дегенде ішіп-жейтін нәрселер аңғарылады. Көпше түрі «Әрзақ», ризықтар дегенді білдіреді. Адамдар ризық дегенде осыны түсінеді.
Ризық – тек қана ішіп-жейтін және қолданатын нәрселер. Ішіп-жемейтін және қолданбайтын нәрсе ризық болып саналмайды. Көп табыс мүлікті арттырады, бірақ ризықты арттырмайды. Ризық әуелден тағдырда бекітілген. Екі хадис шәриф мағынасы:
«Ешкім ризығын бітірместен өлмейді.» (Хаким)
«Ешкім нәсібінен артық ризыққа қауыша алмайды. Ризығына қауышып, жемегенше өлмейді. Өзі қаламаса да, ризығы оған беріледі.» (Хаким)
Адамға пайдасы болған заттық және рухани барлық нәрсе – ризық. Бір аяти кариманың мағынасы:
«Дүние өмірінде олардың күнкөрістерін (заттық, рухани барлық ризықтарын) араларында біз бөлістірдік.» ("Зухруф" 32)
Адамдар Ислам дінін тәрк еткені үшін, яғни Аллаһу та'аланың әмірлері мен тыйымдарына бағынбағаны үшін және Ислам діні көрсеткен бақыт пен шаттық жолынан айрылғаны үшін дүниеде берекет қалмады, заттық және рухани ризықтар да азайды. Бір аяти кариманың мағынасы:
«Мені ұмытсаңдар (заттық және рухани) ризықтарыңды қысқартамын.» ("Таха" 124)
Сондықтан иман ризығы, білім ризығы, көңілдің ризығы, мал-мүлік ризығы, мансап ризығы, бала-шаға ризығы, денсаулық ризығы, азық-түлік ризығы, адамгершілік пен қамқорлық ризығы және басқа да әр түрлі ризықтар азайды. Бұл ризықтардың барлығы дүние жаратылмай тұрып ежелде бөлістірілген. Көңілдің ризығы – діни білім. Намаз – рухани ризық.
Адамдар мен жануарлардың ажалдары мен тынысының саны белгілі болғанындай, әрбір адамның тәнінің және рухының ризықтары да белгілі. Ризық еш өзгермейді, азаймайды, көбеймейді. Ешкім ешкімнің ризығын жей алмайды. Ешкім өз ризығын жеместен, бітірместен өлмейді. Ризық айлыққа, мал-мүлікке, жұмыс істеуге байланысты емес. Бірақ сонда да ризық үшін еңбектену дініміздің бұйрығы.
материал «Ризық» кітабынан алынды,
ummet.kz