Тілдің апаттары көп әрі сан алуан. Оның жүректе тәттілігі бар, әрі табиғаттан туындайтын себептері де бар.
Бірақ одан құтылудың жолы – үндемеу. Ендеше әуелі үндемеудің артықшылығын атап өтейік, содан кейін, Алла қаласа, тіл апаттарын жеке жеке баян етеміз.
Білгін: үндемеу ынтаны жинайды әрі ойды босатады.
Хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтты: «Кім маған екі жағы (яғни аузы) мен екі аяғы арасындағыны (яғни жыныс мүшесін) сақтауға кепілдік берсе, мен оған жәннатқа кепілдік беремін».
Басқа хадисте: «Құлдың иманы түзелмейінше оның жүрегі түзелмейді, ал жүрегі түзелмейінше тілі түзелмейді». Му’аз хадисінің соңында: Пайғамбарымыз оған: «Мынаны (тілді) ұста!» - деді. Мен: Ол:
– Уа, Алланың елшісі, біз айтқан сөздеріміз үшін де есепке тартыламыз ба? – дедім. «Анаң сені жоғалтсын, уа Му’аз! Адамдарды жүздерімен (немесе: танауларымен) тозаққа құлататын нәрсе – олардың тілдерінің жиғантергендері емес пе?!» – деді.
Тағы бір хадисте: «Кім тілін сақтаса, Алла оның айыбын жауып қояды».
Ибн Масғуд айтты: «Менің тілімнен артық ұзақ қамауға мұқтаж ешнәрсе жоқ».
Әбу Дарданың сөзі: «Құлақтарыңа аузыңнан әділдік жаса. Саған екі құлақ пен бір ауыз берілген, яғни сен айтқаныңнан гөрі көбірек тыңдауың үшін».
Мұхаллад ибн әл-Хусейн айтты: «Мен елу жылдан бері кешірім сұрауды қажет ететін сөз айтқан емеспін».
материал «Он бәленің тоғызы тілден» кітабынан алынды,
ummet.kz