Ғиба кейде тілмен ғана емес, жүрекпен де жасалады. Ол – мұсылман бауыры туралы жаман ойда болу.
Жаман ой ( (дегеніміз – жүректің бейім болып, көңілдің бір нәрсеге тоқтауы. Мұсылман жайлы жаман ойлау – дұрыс емес, егер айқын әрі екіұшты түсіндірмесі жоқ іс болмаса. Егер сенімді, әділ адам бір нәрсе жайлы хабар беріп, жүрегің соған сенуге бейім болса, бұл жағдайда айып жоқ.
Өйткені оны өтірік деу – хабаршының өзін жаман ойлау болады. Бірақ мұнда да ақиқатқа көз жеткізу керек: олардың арасында дұшпандық не қызғаныш жоқ па? Осы себептен жалған айтуы мүмкін.
Егер жүрегіңе мұсылман туралы жаман ой келсе, дереу оған дұға жасап, оған жақсылық тілеу керек. Бұл шайтанды ашуландырады, әрі ол енді саған жаман ой тастауға қорқады. Егер бір мұсылманның қателігі айқындалса, оны әшкерелемей, жасырын түрде насихат жаса. Жаман ойдың жемісі – тыңшылық.
Ескерту: Өйткені жүрек күдікпен тоқталмайды, «ақиқатын білейін» деп тексергісі келеді. Ал тыңшылық шариғатта тыйым салынған, өйткені ол мұсылманның абыройын төгуге апарады. Егер білмей қалсаң – жүрегің де, дінің де аман қалады.
материал «Он бәленің тоғызы тілден» кітабынан алынды,
ummet.kz