09
Дүйсенбі,
Ақпан

һижри

Ең соңғы Рамазан айының оразасын ұстайтындай сезімде болыңыз

Ең соңғы Рамазан айының оразасын ұстайтындай сезімде болыңыз

Ислам тарихы

Қасиетті айдың әр уақытын бағалап, дұрыс әрі жақсылық амалдарға толы етіп өткізуіміз үшін қажетті бірнеше әдептерді ескергеніміз дұрыс. Соның бірі  – ең соңғы Рамазан айының оразасын ұстайтындай сезімде болыңыз.

Қандай да бір адаммен соңғы мәрте кездесетіндігін білген кісі, ол кездесуді жіберіп алмас үшін бар күш жігерін жұмсап, кездесулерінің барынша мәнді өтуіне мән береді. Осы сыңды құлшылық мәселесінде де мұсылман адам әр жасайтын құлшылығына ерекше ден қойып, оны өзі өміріндегі ең соңғы құлшылығын жасап жатқанындай сезімде болуы тиіс.

Пайғамбарымыз (с.а.с) біздерге: «Намазыңа тұрғанда оны қоштасып тұрған адамның намазындай оқы», - деп кеңес берген. Қасиетті Рамазанды да біздер соңғы мәрте қарсы алып жатқандай сезімде болуымыз қажет. Осылай істеген адам оразадан барынша пайда алып, рамазан айының әр уақытын бос жоғалтпау үшін бар ынта жігерін салары сөзсіз.

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz



Бөлісу: