09
Дүйсенбі,
Ақпан

һижри

Алланы жақсы көрудің белгісі – келісім мен ілесу

Алланы жақсы көрудің белгісі – келісім мен ілесу

Ислам тарихы

Хақиқи жақсы көру жақсы көрушіден өз сүйгеніне ілесуді, сүйіктісі жақсы көрген не жақсы көрмеген істерде онымен келісімде болуды талап етеді және бұл келісімі сөзімен де, ісімен де, сенімімен де дәлелденуі тиіс.

Алла Тағала мен Оның елшісін (с.а.с.) шын жүректен жақсы көретін адам туралы айтсақ, бізге белгілі болғандай, мұндай жақсы көрудің нәтижесі  Олардың жақсы көру, жақсы көрмеудегі талғамымен пендесінің талғамының сәйкестігінен көрінеді. Мұның қажетті шарттарының қатарына оның дене мүшелерінің жақсы көру, жек көруіне орай әрекет етуі жатады. Ол аса Құдіретті де Ұлы Алланың шариғатының межесінде тоқтауы қажет әрі шынайы жақсы көру мен иманның дәлелі ретінде Ол тыйым салғандардан бас тартып, Оның бұйрығын бұлжытпай орындауы керек. Алла Тағала: «(Мұхаммед!) Оларға: «Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Сонда Алла да сендерді жақсы көреді» де», – деді.

Хасан әл-Басри (Алла оған рақым етсін): «(Бір күні) Пайғамбардың (с.а.с.) сахабалары: «Уа, Алланың елшісі! Расында, біз Раббымызды өте жақсы көреміз!» – деді.

Сонда Алла бұл жақсы көрудің бір белгісі болғанын қалады да осы аятты түсірді», – дейді. Егер адам баласы аса Құдіретті де Ұлы Алла мен Оның елшісінің (с.а.с.) жақсы көргендерінің қай біреуінен бас тартса, Олардың жақсы көргендерін орындауға және жек көргендерінен бас тартуына мүмкіндігі бола тұрып, Олар жек көретінді істесе, оның иманында кемшілік бар. Яғни ол адам өз кемшілігін түзеуге ұмтылуы керек, өйткені оның жақсы көру туралы айтқаны іс жүзінде дәлелденбеген бос сөз болып шығады.

Бір ғалым адам: «Алланы жақсы көрем дейтін, бірақ Оның бұйрықтарына бағынбайтын талаптанушының әрекеті жалған, ал Алладан қорықпайтын әрбір жақсы көруші қараңғы соқырлықта өтеді», – депті.

Келесі бір ғұлама: «Алла Тағаланың белгілеген межесін бұзатын адамның Алла Тағаланы жақсы көремін деуі жалған», – деп айтқан. Осыдан кейін Алла Тағаланың немесе Оның елшісінің (с.а.с.) есімі аталғанда жан-дүниесі толғанысқа түсіп, жанарларына жас толып, бастары иілетін, Алла мен Оның елшісіне (с.а.с.) деген махаббатын жиі айтатын, солай бола тұра аса Құдіретті де Ұлы Аллаға бағынбайтын, өсімқорлықпен, ашкөздікке беріліп алаяқтық, алдау-арбаумен, жеке басының пайдасымен айналысатын еркектердің немесе адамдар арасында басы ашық, бүркемесіз, бөтен еркектермен қарым-қатынас жасап, Алла Тағала шариғатының айдан анық нұсқау-заңдарын, мінез-құлық, жүріс-тұрыс тәртібін сақтамайтын әйелдердің жағдайларында бұл махаббатқа қатысты кереғарлық туындайтыны түсінікті болады. Біздер Алла Тағала оларды да, бізді де тура жолына бастағай деп дұға қаламыз.

 

материал «Әл-Уафи» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: