Мұның бәрі айыпталып, тыйым салынған. Оның негізі – жамандық пен тектік төмендік.
Хадисте: «Бейәдептіліктен сақтаныңдар! Өйткені Алла бейәдептілікті де, бейәдеп болуды да сүймейді» 14 Тағы бір хадисте: «Жәннат – әрбір бейәдепке харам».
Тағы бір хадисте: «Мүмін – қарғағыш емес, көп лағынет айтпайтын, бейәдеп емес, жаман сөзді емес»
Білгін: бейәдеп сөз – ұятты нәрселерді ашық, дөрекі сөздермен айту. Әсіресе, жыныстық қатынасқа байланысты сөздерде көп кездеседі. Ізгі адамдар мұндай сөздерден аулақ болып, оны астарлап жеткізеді. Сондай-ақ тілдің апаттарына ән айту да кіреді. Бұл туралы басқа жерде айтылып өткен.
материал «Он бәленің тоғызы тілден» кітабынан алынды,
ummet.kz