Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір сөзінде «сәлемді жайыңдар» дей отырып, кісіге амандасудың сауаптылығын білдірсе, басқа бір асыл сөзінде: «Танитыныңмен де, танымайтыныңмен де сәлемдесуің ең қайырлы іс» деген1.
Ал енді әлдекім сіздің сәлеміңізді алмай, жауап қатпаса, оның орнына сіздің сәлеміңізді періште алады. Періште жауап қайырады (уағалейкумуссәләм дейді). Бұған қатысты бір сахих хадисте Алла елшісі (с.а.у.) былай деген:
«Сәлемдескен кезде, сәлемін алмаса және сәлемін қабылдамаса, оның сәлеміне періштелер жауап береді. Ал сәлемін алмай қойғанға шайтан жауап береді (сәлемін алады)»2.
1.«Бір кісі Пайғамбардан: «Қайсы Ислам ең жақсысы?» деп сұрайды, сонда Алла елшісі (с.а.у.) оған: «Ас беруің және танитынмен де, танымайтынмен де сәлемдесуің» деп жауап берді. (Нәсәи, Бұхари, Мүслім).
2.Имам Ахмед: «Мүснәд»; Әбу Яъля.
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz