Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Имам «Самиғаллаһу лиман хамидаһ»,- десе, «Аллаһумма рәббәна уә ләкал хамд»,- деп айтыңыз. Өйткені кімде-кімнің айтқаны періштелердің айтқанына тура келіп қалса, қылған күналары кешіріледі»,- деп айтқан»,- деді. 124-бап.
Әбу Хурайра (р.а.) айтты: «Мен, әлбетте, сендерге Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) оқыған намазына ұқсатып намаз оқып беремін»,- деді.Әбу Хурайра (р.а.) бесін, құфтан және таң намаздарының соңғы рәкаттарында «Самиғаллаһу лиман хамидаһ»,- дегеннен соң «Құнұт» дұғасын оқып мүъминдерге дұға қылып, кәпірлерге лағнет айтар еді.
Әнас (р.а.) айтты: «Құнұт» дұғасы шам мен таң намаздарында оқылатын»,- деді.
Рифоат ибн Рафиғ (р.а.) риуаят етті: «Бір күні Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ұйып намаз оқып жатқан едік, рүкүғтен бас көтеріп жатып, “Самиғалаллаһу лиман хамидаһ»,- дегенінде бір кісі: «Рәббәне ләкал хамд хамдан касиран тайибан мүбаракан фихи»,- деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намазды бітірген соң, артқа бұрылып: «Сөйлеген кім?»,- деді. Ол: «Мен»,- деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «отыздан аса періштелердің бірінші болып жазып алуға асығысып жатқандарын көрдім»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz