Саубан (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Егер үмбетіме қылыш қойылса, одан қияметке дейін көтерілмейді. Менің үмбетімнен бір тайпалар мүшріктер сияқты пұттарға табынғанға дейін қиямет келмейді», – деген.
Айша анамыз (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Лат пен Уззаға ғибадат етілмейінше, күн мен түн кетпейді», – деген. Сонда Айша анамыз: «Уа, Алланың елшісі! Мен Алла Тағаланың: «Ол елшісін туралықпен және мүшріктер (хақ дін Исламды) жақтырмаса да бүкіл діндерге үстем болатын хақ дінмен жіберді» («Тәубе» сүресі, 33-аят) – деген сөзі түскен кезде бұл аяғына жетті деп ойлаған едім», – дейді.
(Пайғамбар (с.а.с.)): «Ол әлі Алла қалаған мерзімде болады. Сосын Алла жағымды жел жіберіп, жүрегінде тозаңның салмағындай иманы бар адамдар өледі де, қайыры жоқтар қалып, ата-бабаларының дініне қайтады», – деген.
Қазіргі кезде өзін мұсылманмын деп санайтын кейбір адамдардың Аллаға ортақ қосып жатқанына жиі куә боламыз. Олай дейтініміз, қоғамда көптеген адамдар дүниеден өткен ізгіғұламаларды немесе діндарларды шектен тыс дәріптеп, олардың бастарына кесенелер тұрғызып, соларға арнап құрбандықтар шалып, олардан дұға-тілек сұрап немесе оларды Аллаға дәнекеретеді. Әрі сол адамдар туралы негізсіз аңыз әңгімелер таратып, олардың дәрежелерін пайғамбарлардан да жоғары қояды.
Нәтижесінде, Алла Тағаланың кешірмейтін күнәсі – ширкті (серік қосуды) жасап жатқанын аңғармайды да!? Алла Тағала Құран Кәрімде: «Сендердің Алладан өзге табынғандарың, сендерге де жәрдем ете алмайды. Сондай-ақ өздеріне де жәрдем ете алмайды», – деген.
материал «Ақырет өткелдері» кітабынан алынды,
ummet.kz