«Немесе олар түнек қаптап, күн күркіреп, найзағай ойнаған аспаннан құйған дауылды нөсерге тап болған адамдарға ұқсайды. Олар жай отының үрейімен өлімнен қорқып, саусақтарын құлағына тығып алады. Міне, Алла Тағала – (шексіз құдіретімен) кәпірлерді осылай құрсаулап, қыспаққа алушы. Жарқ-жұрқ еткен найзағай олардың көзін көр ете жаздайды. Олар найзағай жарқ етіп, жарығын түсірген сайын жүреді де, жарық сөнгенде, тоқтай қалады. Егер Алла қаласа, (күннің күркіреуі мен найзағайдың жарқылын одан сайын күшейтіп) олардың құлағын керең, көзін көр етер еді. Шүбәсіз, Алланың құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. (Міне, мүміндердің, кәпірлердің және екіжүзділердің жағдайы осындай).» ("Бақара", 19-20 аяттар).
Немесе олар қою бұл басқан қараңғы түнде нөсер жауында қалған адамдардың мысалы. Рағыд (күркіреу) - ол оң және теріс электр заряды бар екі ауыр бұлттардың соқтығысуынан шыққан дыбыс. Ал барқ (найзағай)- сол екі бұлттардың соқтығысуынан пайда болған жарқыл. Бұл екіжүзділерге лайықты мысал. Аяттағы жаңбыр деп отырғанымыз ол уахи. Ол жүректерді тірілтеді. Ал күркіреу мен найзағай құранның ескертулері, жәннатпен сүйіншілеп, тозақпен қорқытуы немесе оның бұйрықтары. Мұсылмандар жаңбырдан пайда алғаны секілді, ізгі істер істеп, уахимен жүректері тыныштық орнап, бекемделе түседі. Алла екіжүзділерді уахидан алған үлесін, қараңғыда жаңбырдан пайда ала алмай, найзағай мен күркіреумен әбігерге түскен адамға ұқсатады.
Егер олар құранды естісе оған құлақ асқылары келмей, саусақтарының ұшымен құлақтарын бітеп алады. Оның бұйрықтарымен тыйымдарынан, жаннатпен сүйіншілеп, тозақпен қорқытуынан жалтарып, бастарты. Тозақтың азабынан үрейленіп қайта-қайта мазалары кетеді. Күн күркіреген кезде жаңбырдың иесін жек көреді. Солайша өлімнен қорқып саусақтарымен құлақтарын бітеп алады. Осы оларға амандық болады-мыс.
Шындығында, екіжүзділер осы ісімен амандықта ма?! Алла Тағала олардың түгелін қамтып тұр емес пе?! Оның құдіреті мен ілімінен ешкімде қашып құтыла алмайды да, Оны әлсірете алмайды. Керісінше, олардың жасаған әрбір амалдарын сақтайды. Қиямет күні жасаған істерінің жазасын толығымен береді.
материал «Құран мысалдары» кітабынан алынды,
ummet.kz