Әбу Сағид әл Худриден жеткен хабар бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жарық ыдыстан сусын ішуге және ыдысқа үрлеуге тыйым салған (Тирмизи).
Сырт көзге кішкентай сияқты көрінетін бұл әрекет гигиена жағынан зиянды болып табылады. Өйткені, адам дем шығарғанда көмірқышқыл газын шығарады, сондай-ақ адамның денесінде тыныс жолдары арқылы таралатын жұқпалы аурулар болуы мүмкін. Ол сол зиянды заттарды сыртқа шығарып, тамағына жұқтырып, қайтадан жұтады.
Ал кертік, жарылға ыдыстан тамақ ішпеудің хикметі, сол жарыққа зиянды заттар жиналуы және ішуші адамды жиіркендіруі мүмкін, сол сияқты адамды жаралауы ықтимал.
Әнастан (р.а) жеткен хабар бойынша, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үш рет ұрттағаннан кейін сәл кідіретін (Бухари, Муслим).
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бұл хадисінен алар хикмет – суды асықпай ұрттап ішкен адам оның дәмін сезеді. Дәрігерлік практикада қатты шөлдеген науқастардың жылдам, бір деммен ішкеннің кесірінен жүректері тоқтап қалған кездері болған. Өйткені ми құрылымы ұрттаған сайын ойлануға мүмкіншілік береді, сол себепті аз мөлшерде ұрттап ішкен абзал.
материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,
ummet.kz