Абдулла ибн Масғуд (р.а.) айтты:
«Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге Мединенің ойлы-шұңқыр жерімен кетіп бара жатыр едік. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қолына құрма ағашынан жасалған аса таяқ ұстап
алған еді. Бізге бір топ яһудилер жолықты. Олардың кейбірі: «Ол кісіден рух туралы сұраңдаршы»,- десті. Ал, кейбірі болса: «Сұрамаңдар, оның айтқаны бәрібір сендерге ұнамайды»,- десті.
Енді біреулері: «Әлбетте сұраймыз»,- деді. Солардың бірі тұрып: «Ей, Әбулқасым, рух деген не нәрсе?»,- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үн қатпады. Мен өзімше ол кісіге уәхи нәзіл болып жатыр»,- дедім.
Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) яһудилерден паналап (кедергі етпесін деп) ортада тұрдым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз-өзіне келген соң: «(Мұхаммед ғ.с.) олар сеннен (рух) жан туралы сұрайды: «Ол, Раббымның әмірінен. Сендерге өте аз мәлімет берілді» («әл-Исра», 85 аят) - деді.
Әл-Ағмаш (р.а.): «Біздегі (нұсқада) солай оқылады»,- деген.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz