Усама ибн Зәйд (р.а.) риуаят етті:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Арафаттан қайтып бара жатып Шаъб деген жерге келгенде дәрет сындырды, мен Пайғамбарымызға су құйып беріп тұрдым. Ол кісі дәрет алды.
Мен: «Намаз оқисыз ба, Я Расулулла?»,- дедім. Ол кісі (с.ғ.с.): «Намаз әлі алдыңда (әлі уақыт бар)»,- деді.
Ғұруа ибн ал-Муғира ибн Шуғбадан (р.а.): «Муғира ибн Шуғба Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге сапарға шығатын. Бір күні сапарда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дәрет сындырғаннан кейін су құйып беріп тұрды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дәрет алып, бетін, қолын жуды. Басы мен мәсісіне мәсих тартты»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz