Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ризық-несібенің түсуін (келуін) садақамен сұраңдар», – деп айтқан.
Ерте тұру барлық істің берекесін арттырады. Әсіресе, ризықтың. Жақсы ниет – ризықтың кілті. Жылы шырайлылық пен жақсы сөз жаттау қабілеті мен ризықты арттырады. Хасан ибн Әли (р.а.): «Үйді сыпыру мен ыдыс-аяқты жуу байлықты шақырушы», – деген.
Ризық-несібе шақыратын ең басты нәрселер – намазды толықтай мойынсұнумен, қорқумен оқу, рүкіндерін толыққанды орындау және де намаз уәжіптерін, сүннеттерін және әдептерін орындау. Бұл мәселеде дұха намазы да пайдалы. Түнгі ұйқы уақытында «Уақиға» сүресін, сондай-ақ, «мүлк», «мүззаммил», «уәл лайли», «әлам нашрах» сүрелерін оқу да жақсы. Мешітке азан шақырылмас бұрын келу, үнемі дәретпен жүру, таң намазы сүннетін, үтір намазын үйде оқыған абзал. Үтір намазынан кейін дүние сөзін сөйлемеу, әйелдер отырысында тым қажет болмаса ұзақ отырмау, дүниесіне және дініне ешбір пайдасы жоқ сөз сөйлемеу де осы талаптар қатарында. «Кімде-кім өзіне қажеті жоқ іспен айналысса, өзіне керек шаруаны қолдан жіберіп қояды» деген сөз бар.
Бузруг Меһр: «Егер көп сөйлейтін кісіні көрсең, оның жынды екенін анық біл», – деген екен. Хазреті Әли (р.а.): «Ақыл толықса, сөз қысқарады», – деген. Автор: маған мына мағына сай келді:
Кісі ақылы кемелденсе,
Азаяды сөзі де.
Көп сөйлейтін адам көрсең,
Ақымақтың өзі де.
(кітаптың бір нұсқасында: тағы бір ақын:
Көркі болар кісінің сөйлеу деген,
Ал үнсіздік – басының амандығы.
Сөйлер болсаң, көп созба сөздеріңді,
Өсиет қып айтамын саған мұны.
Үнсіздігім үшін еш өкінбедім,
Ал, сөз үшін көп болды өкінгенім, – деген екен).
Ризық-несібені көбейтетін нәрселердің бірі – таң қылау бергеннен бастап намазға дейін: «Субхана Аллаһил Ъазым, субхана Аллаһи уә бихамдиһи астағфиру Аллаһа уә әтубу илайһи» деп жүз рет айту. Және де: «Лә иләһа иллә Аллаһул Маликул Хаққул Мубину» деп әр күні таңертең және кешке жүз рет айту. Сонымен бірге, әр күні таң намазынан кейін: «Әлхамду лилләһи уә субхана Аллаһи уәлә иләһа иллә Аллаһу» деп отыз үш рет айтып, дәл осыны ақшам намазынан кейін де қайталау. Таң намазынан кейін қырық рет истиғфар айту.
Және де: «Лә хаулә уәлә қууатә иллә билләһил Ъалиил Ъазым» сөзін және пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат дұғасын көп айтқан жөн. Ал, жұма күні жетпіс рет «Аллаһумма ағнини би халәликә ъан харомикә уәк фини би фадликә ъаммән сиуәкә» деп айтады. Және әр күні кешке «Әнтә Аллаһул Ъазизул Хаким, әнтә Аллаһул Маликул Қуддус, әнтә Аллаһул Халимул Карим, әнтә Аллаһу Холиқул хайри уәш шарри, әнтә Аллаһу Холиқул жәннәти уән нари, Ъалимул ғойби уәш шаһадати Ъалимус сирри уә ахфа, әнтә Аллаһул Кабирул Мутаъал, әнтә Аллаһу Холиқу кулли шайин уә илаһи яъуду кулли шайин, әнтә Аллаһу Даиану яумад дини ләм тәзәл уә лә тәзәлу, әнтә Аллаһу лә иләһә иллә әнтә, әнтә Аллаһул Ахадус Сомаду ләм ялид уә ләм юләд уә ләм якул ләһу куфуан ахад, әнтә Аллаһу лә иләһә иллә әнтәр Рахманур Рахим, әнтә Аллаһу лә иләһә иллә әнтәл Маликул Қуддусус Саләмул Муминул Муһайминул Ъазизул Жаббарул Мутакаббир, лә иләһә иллә әнтәл Холиқул Бариул Мусаууиру ләһул әсмәул хусна, юсаббиху ләһу мә фис самауати уәл арди уә һуал Ъазизул Хаким» деп айтуы керек.
материал «Тәлімгер тағылымы» кітабынан алынды,
ummet.kz