29
Жұма,
Наурыз

һижри

Пайғамбарлықтың басталуы

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Қырық жасында Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) пайғамбарлық нәсіп болып, ол жиырма үш жылға созылды. Пайғамбарлықтың он үш жылы Меккеде өтті. Сол он үш жылдың бастапқы үш жылында Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дінге құпия үндеді.

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үндеуіне еріп мұсылман болған бірінші әйел зайыбы Хадиша анамыз болды. Хадиша анамыз уахи (Аллаһ Тағаланың хабары) түсе бастаған сәттен-ақ Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Хақ Тағаланың елшісі екеніне иман келтірген болатын.

Еркектердің ішінде бірінші болып Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) қызметшісі Зайд ибн Хариса пен Абу Бәкр (родиял-лаһу ъанһума) мұсылман болды.

Ең бірінші жас мұсылман болу Алидің р.л.ғ. еншісіне бұйырды.

Үш жылдан соң Жаратушы Ие дінге ашық түрде үндеуді бұйырды. Сол сәттен бастап мушриктер (көпқұдайшылдар) Абу Ләһаб, Абу Жәһл, Ғуқба ибн Аби Муғит, Умайа ибн Халәфтің басшылығымен мұсылмандарға бар білген зұлымдығын істеді.

 

Абдуссамад Махат

Бөлісу: