22
Жұма,
Қараша

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) мұсылманды өлтірген адамға деген көзқарасы

Пайғамбардың (с.ғ.с) мұсылманды өлтірген адамға деген көзқарасы

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Уқба ибн Халид әл-Ләйси былай жеткізеді:

«Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлдебір тайпаға қол аттандырды. Шайқас кезінде сол тайпадан бір адам бас сауғалап, майдан даласын тастай қашты. Қылышын жалаңдатқан біреу оның ізіне түсті. Сол кезде қашып бара жатқан адам: «Мен мұсылманмын, мен мұсылманмын!» – деп айғайлады. Алайда оның соңына түскен адам әлгінің сөздеріне құлақ аспай, оны бір соққымен өлтіріп та- стады. Болған жайдан хабардар болған Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) майдан даласын тастай қашқан адамның «мен мұсылман», – деп айғайлағанына қарамай, өмірін қиған сарбаз хақында өте ауыр сөздер айтты. Бұл сөздерді сол сарбаз да есітті. Арада көп уақыт өткен жоқ, Пайғамбарымыз құтба оқып жатқан болатын: «Уа, Алланың расулы, Аллаға ант етемін, ол адам қорыққанынан иман еткен еді», – деді әлгі сарбаз. Хазірет Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оны және оның айналасындағыларға қабақ шытып, теріс бұрылды да, құтбасын жалғастыра берді. Айтқан сөзі айдалаға кетіп, тұнжыраған әлгі сарбаз өзінің уәжін екінші рет қайталады. Расулалла оның сөзін естісе де естімегендей, басын басқа жаққа бұрып, құтбасын тоқтатпады. Алла Расулына тықырши тіл қатып, өзінің уәжін үшінші рет қайталағанда, ғана Ғаламның Мақтанышы оған жүзін бұрып: «Алла менің бір мүмінді өлтіруіме разы болмайды және бұндай ағат әрекетті ешқашан ақтамайды», – деді кейіп».

материал “Сахабалар салған сара жол” кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: