Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қалай құрбан шалған?

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қалай құрбан шалған?

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құрбан шалған. Сонымен бірге, малды өз қолымен бауыздаған. Ол жайлы бірнеше дерек келтіре кетейік:

1. Әнас бин Малик (р.а.): «Пайғамбар (с.ғ.с.) мүйізді екі қошқарды құрбандыққа шалды. Екеуін де өз қолымен, бисмилла мен тәкбір айтып, (малдың) бүйірін аяғымен басып тұрып бауыздады»[1], – деп риуаят етеді.

2. Айша (р.а.) риуаяты: «Алла елшісі (с.ғ.с.) бір қошқарды алдырды. Оның аяғы қара, іші қара, көзі қара еді. Құрбан ету үшін алдырды. Айша анамызға: «Пышақты алып кел де, оны таспен қайра», – деді. Солай етті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қошқарды жерге жатқызып, бауыздап: «Бисмилла! Уа, Алла! Мұхаммедтен, Мұхаммедтің отбасынан және Мұхаммед үмбетінен қабыл ет», – деп құрбан шалды»[2];

3. Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) Мадина қаласында он жыл тұрды, (әр жылы) құрбандық шалды»[3], – деп риуаят етеді.

[1] Бұхари, Муслим
[2] Муслим
[3] Тирмизи

дереккөз: muslim.kz

Бөлісу: