10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ғұсыл құйынуы

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ғұсыл құйынуы

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Ғұсылды Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіне сай орындау керек. Ғұсыл құйыну келесі тәртіп бойынша жүзеге асады.

1. Қолды білезікке дейін үш рет жуу.

2. Әуретті толық жуу.

3. Намазға дәрет алғандай дәрет алу.

4. Басты жуу.

5. Әуелі оң, содан кейін сол жақтан бастап бүкіл денені сумен жуу. Сондай-ақ қолтық астын, құлақ қуыстарын, кіндікті, аяқ башпайларын жуу және дененің қол жетер жерлерін алақанмен ысқылау керек.

Ғұсыл құйыну негіздері Айша (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте келген. Онда: «Алла елшісі (с.а.с.) жүніп болған кезде, алдымен қолдарын жуудан бастайтын. Сосын оң (қолымен) сол қолына су құйып, әурет орындарын жуатын. Содан кейін намазға дәрет алғандай дәрет алатын. Сосын (қайта) су алып, саусақтарымен шаштарының түбіне дейін сулайтын. Судың құйқаға тигеніне көзі жеткен соң, басына үш қос уыс су құятын. Одан соң денесінің қалған мүшелеріне су құятын. Одан кейін екі аяғын жуатын», – деп риуаят етілген.

материал «Құлшылық және сенім» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: