21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) дүниеге келген нәресте үшін жасаған дұғасы

Пайғамбардың (с.ғ.с) дүниеге келген нәресте үшін жасаған дұғасы

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жас нәресте үшін дұға жасайтын.

Айша анамыз (р.анһа) бір әңгімесінде: «Хазірет Пайғамбарға нәрестелер әкелінетін. Ол – нәрестелер үшін берекет тілеп, дұға ететін», – дейді. (Әбу Дәуіт, Әдеп, 108) Сонымен қатар, сәбилі болған сахабалар Пайғамбарымызды немесе басқа мұсылмандарды қонаққа шақырып, ақ тілегін алған. Мысалы, Муауия ибн Қурра ұлды болған кезде сахабаларды қонаққа шақырып, астан кейін оларға дұға жасатып, артынан өзі де ұлының діндар әрі ақылды болуы үшін тілек тілегенін, қонақтардың оның тілегіне «әмин» деп қосылғанын баяндайды (Әдәбул-Муфрәд, 429-б).

Немерелері хазірет Хасан мен Хұсейін үшін Алладан: «Сендерді барлық шайтаннан, зиянды жәндіктен, сұқ көзден Алланың мінсіз сөздеріне (Құран мен Алланың көркем сипаттарына) сыйынамын», – деп дұға еткен. «Ата-ананың баласы үшін жасаған дұғасы қабыл болады», – деп мәлімдеген Пайғамбарымыз (с.а.с.) тәрбие барысында бала үшін дұға жасап, Ұлы Раббыға тәуекел етуді естен шығармау керектігін өзінің сүннет жолымен үйреткен.

материал «Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: