«Ізгілік (жақсылық) — көркем мінезқұлық. Ал жамандық болса, ар-ожданыңды мазасыз еткен, басқа біреулердің білуін қаламаған нәрселер.» (Муслим, бирр 14)
«Уа, Алла Тағалам! Жаратылысымды көркем етіп жаратқаныңдай, мінез-құлқымды да көркем ете гөр!» (Ахмед ибн Ханбал, Муснад, I, 403)
«Адамның өзіне керексіз нәрселерденбойын аулақ ұстауы мұсылмандығының көркемдігін көрсетеді». (Муғатта, Хуснул-Хулуқ, 1)
«Адамгершіліктің ең жоғарғы дәрежесі—туыстық қарым-қатынасты үзгенмен қарым-қатынасты жалғастыруың, саған бермегенге беруің, сенімен байланысқанды кешіруің болады.» (Ахмед ибн Ханбал, Муснад, III, 439)
«Мүмин көркем мінез-құлқы арқылы (күндіздерін) ораза ұстаған, (түндерін) намаз оқып өткізген адамның дәрежесіне жетеді.» (Әбу Дәуіт, Әдәб, 7)
«Мына екі ерекшелік бір мүміннің бойында болмауы керек: Сараңдық пен жаман мінез-құлық.» (Тирмизи, Бирр, 41)
«Мүминдердің иман тұрғысынан ең кемелдісі, мінез-құлық жағынан ең көркем болғаны.» (Тирмизи, Рада, 11)
«Амалдар тек қана ниеттерге қарай құндылығын сақтайды. Әркім ниет еткен нәрсесінің қарсылығын алады.» (Бұхари, Бадғул-Уахи, 1)
«Қызғаншақтықтан сақтаныңдар! Өйткені оттың отынды жеп бітіргені сияқты, қызғаншақтық тажақсы амалдарды жеп бітіреді». (Әбу Дәуіт, Әдәб, 44)
«Алла Тағала мейірімді, мейірімді болғанды жақсы көреді.» (Әбу Дәуіт, Әдәб, 10)
«Кімде-кім өзі үшін қалағанын (мүмин) бауыры үшін де қаламағанда (нақты) иман келтірген болып саналмайды.» (Бұхари, Иман, 7)
материал «Көркем мінезді аруға» кітабынан алынды,
ummet.kz