11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) әйелдерге жасаған мәмілесі

Пайғамбардың (с.ғ.с) әйелдерге жасаған мәмілесі

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерге жасаған мәмілесі:

Алла Тағала Құранда: «Әйелдерге жақсы мәміле ұстаныңдар!» (Ниса,19) Алла және Расулі әйелдерге қатысты заңмен үкімдер шығарды. Содан бастап әйелдерге қоғамда сый құрмет мәртебе көрсетілді. Тіпті Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жәннат салихалы аналардың аяғының астында!» деп олардың орынын жәннатпен байланыстырып қойды. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтады: «Кімде кім үш қыз немесе қарындастарын қорғап, жақсылап тәрбиелеп өсірсе, үйлендіріп оларға ілтипаты мен жақсылақтарын жалғастырса ол адам – жәннаттық» деген. Салихалы әйел жайында: «Дүние өткінші пайдадан ғана тұрады. Оның пайдаға жеткізетін ең жақсы болмысы – діндар, салихалы әйел», - деген.

Алла елшісі өз әйелдерімен өте жақсы қарым қатынас жасасатын. Оларға әр дайым түсіністікпен қарап мейрімділік танытатын. Ол кісі «Сендердің ең хайырлы жақсыларың отбасыларына әйеліне жақсы мәміле танытқандарың» деген. Алла елшісі сахабаларына үнемі уағыз насихатын айтып отыратын. «Әйелдеріңді сабамаңдар! Әйелін сабағандар сендердің жақсыларың емес», дейтін. Әйел адамның қисық қабырғадан жаратылғанын айтып «Адам әйеліне кек сақтамасын. Оның бір мінезін ұнатпаса, екінші бір мінезін ұнатады», - деген. Айша анамыз айтады: «Алла елшісі өмірінің соңына дейін бірде-бір рет әйелдеріне қол көтермеген, тіпті жансыз заттың өзін ұрмаған» деген. Мына хадиске үңіліп қарасақ тіпті жансыз заттың өзін ұрмағандығын айтып жатыр. Кейбір түсінігі төмен ер емес ез жігіттер осы қасиетін білсе ғой, исламның қаншалықты жұмсақтықпен мейрімділікке толы екенін. Әйелге ғана күші жеткен еркек үмбет жайлы сөйлемей-ақ қойсын.

материал «Еліктеуге кім лайық?» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: