15
Сәрсенбі,
Қаңтар

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) өзі үшін, өзгелер үшін үш нәрседен сақтануы

Пайғамбардың (с.ғ.с) өзі үшін, өзгелер үшін үш нәрседен сақтануы

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзі үшін үш нәрседен сақтанатын:

1. Айтыс-тартыс пен ерегісуден.

2. Керексіз артық сөз сөйлеуден.

3.Өзін қызықтырмайтын істермен шұғылданудан.

 

Ал басқалары жайлы да үш нәрседен сақтанатын:

1. Біреуді сынаудан.

2. Біреуді қорлап, кемсітуден.

3. Біреудің сырларын білуге тырысудан.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) барлық істері мен қызметтерін күні бұрын белгілеп қоятын; Ғибадат уақыттарын бөліп, ұйқы мен тынығу, қонақ пен зияратшыларын қабылдау мезгілдерін де алдын ала жоспарлайтын.

Пайғамбарымыз барлық адамдармен тең дәрежеде қатынас жасайтын, ешкімді бөліп-жарып бөлектемейтін. Егер біреу Ол қаламайтын бір нәрсе істеп қойған болса, оған атын атап ескерту жасамайтын. «Кейбірлері былай жасайды, олай етеді» деген сияқты сөздермен ұнатпаған іс-әрекеттерін сынайтын, осылайша ешкімді ренжітпей, біреуді өзгенің алдында ұялтпай, насихаттар айтатын.

Сахабалары көрінбей қалса, оларды сұрастыратын еді. Неліктен келмегендерін, не үшін көрінбегендерін елжұрттан сұрап білетін. Сахабаларын жалықтырмауға да аса назар аударатын. Іс-әрекетінде орта жолды қалайтын. Хақ пен құқық бойынша барлық адам Ол үшін тең еді. Оның алдында абзал болудың жалғыз шарты тақуалы болу еді. Сонымен қатар Оған жақын отыратындар үмбетінің ең тақуалылары еді. Оның қасында жүріп дәрежесі өскендер бір-біріне көмектесетін, бір-бірін қорғайтындар еді.

материал «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) және Оның күнделікті іс-әрекеттері»

кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: