Меню

17
Бейсенбі,
Сәуір
19
Шәууәл
1446 һижри

Пайғамбар (с.ғ.с.) туралы жалған сөз сөйлеген адамның күнәсі

Пайғамбар (с.ғ.с.) туралы жалған сөз сөйлеген адамның күнәсі

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Хазреті Әли (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Менің атымнан жалған сөз айтпаңдар, кімде-кім айтса, өзіне тозақтан орын дайындасын!»,- деп айтқанын естігенмін.

Абдулла ибн Зубайр (р.а.) атасына: «Сіз Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туралы пәленше-түгенше сияқты сөйлемей жатырсыз»,- депті. Сонда Зубайр: «Шындығында, мен Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) ажырамай бірге жүргенмін, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзінен естігенмін: «Кімде-кім менің атымнан жалған сөйлесе, өзіне тозақтан орын дайындай берсін!»,- деп айтқан»,- деді.

Әнас ибн Мәлік (р.а.) айтты: «Мен сендерге көп хадис айтып беруші едім ғой, бірақ Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір сөз мені бетімнен қайтарады, ол кісі: «Кімде-кім менің атымнан жалған сөйлесе, өзіне тозақтан орын дайындай берсін!»,- деп айтқан»,- деді.

Сәлама (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім менің атымнан айтпағанымды айтса, ол еш күмәнсіз өзінің тозақтағы орнына жайғасады!»,- деді.

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Менің есімімді перзенттеріңе қоя беріндер, бірақ менің жанама атымды қоймаңдар! Кімде-кім мені түсінде көрсе,онда шынымен мені көргені, өйткені шайтан менің бейнеме кіре алмайды, кімде-кім менің атымнан жалған сөз сөйлесе, өзіне тозақтан орын даярлай берсін!»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: