Алланың ең сүйікті құлы бола тұра Алладан қорыққандығы соншалықты, кейде « Махшар күні қандай күйге түсер екенмін?» деп, Раббысынан қорқып, нұрлы көздерінен жас аққан кездері болған.
Абдулла ибн Масғуд (Алла оған разы болсын) айтады:
Бір күні Алла елшісі (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) құзырында "Ниса" сүресінің: «(Әй Мұхаммед! Қиямет күнінде) Әрбір үмбетке өз ішінен бір куәгер (пайғамбар) және оларға (үмбетіңнің имансыз бұзықтарына) сені куәгер етсек олардың хәлі не болмақ?» - деген 41-ші аятын оқыған кезінде, Расулулланың көздерінен жас парлап қоя берген.
Ала-сапыран дауыл соққанда қайғырып, қандай да бір маңызды жұмыс болса, дереу тастай сала құбылаға қарап «Ей, Раббым! Келуі ықтимал пәлекеттерден қорғанып, сені паналаймын» - дейтін де, күн ашылған кезде шүкіршілік етіп, мақтауын жаудыратын еді. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) бұнымен қатар: «Сендер мен білетінді білсеңдер, аз күліп, көп жылайтын едіңдер»,- деген. Алла баршамызға осындай дәрежеде құлшылықтың дәмін нәсіп етсін!
материал «Еліктеуге кім лайық?» кітабынан алынды,
ummet.kz