05
Бейсенбі,
Ақпан

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) жаназасы қалай шығарылған?

Пайғамбардың (с.ғ.с) жаназасы қалай шығарылған?

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Қайтыс болғанда мәйітін жуу үшін ағасы Аббас, Али ибн Әбу Тәліп, Фадл ибн Аббас, Ұсама ибн Зәйд, Күшәм және азат еткен құлы Салих бар еді.

Бұлармен қоса, Бәдір соғысына қатысқан ансар Әнас ибн Әбу Хаул да Алиден қайта-қайта өтініп жуындыруға кірген еді. Хазірет Али (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мүбәрак тәнін көйлегінің сыртынан жуып жатты. Аббас, Фадл, Күшәм Сардарды (с.а.с.) жуындыруға ыңғайлап ұстап тұрды да, Ұсама мен Салих су құйып тұрды. Сол кезде хазірет Али: «Әкем мен шешем сенің жолыңда құрбан болсын, пайғамбарым, тірі күніңде қандай таза болсаң, көз жұмсаң да сондай тазасың!» – деді.

Хазірет Айша (р.анһа) осыған қатысты мынаны айтады. «Пайғамбарымыздың мәйітін жуу жайлы жұрт түрлі пікір айта бастады. Үстіндегі киімді шешу керек пе, жоқ па деп дағдарып тұрғанда барлығының көзі кенеттен ілініп кеткендей болды. Сол-ақ екен анадай жерден бір адам көрініп Алла елшісі (с.а.с.) киіммен жуылатынын айтты. Жұрт киімін шешпестен жуындырып болғаннан кейін үш бөлек ақ матаға орады. Он сегіз мың ғаламның сардары, күллі адамзатқа асыл дінді алып келген ақиық елшінің бұл фәниден әкеткені осы ақ мата ғана еді. Қайтыс болған адамның артынан ең соңғы жасалатын міндет – дұға ретінде жаназа намазын оқу. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жаназа намазында да бір кісі имамдыққа өтіп намаз оқытуы керек болды, бірақ бұл жолы ешкім де Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жаназа намазын жұртқа имам болып тұрып оқытуға жүрегі дауаламады. Ақырында, жұрт бір-бірлеп кіріп, өздері оңаша оқып-шығып жатты.

материал «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) туралы 111 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: