Шындығында, Пайғамбарымыз (с.а.у.) әзілдейтін, бірақ тек шындықты айтатын.
Мысалы, бір кісіге:
– «Екі құлақты!» – деді.
Басқа біреуге:
– «Сені түйенің төліне мінгіземіз», – деді. Ал бір қарт әйелге:
– «Жәннатқа қарт әйел кірмейді», – деді. Сосын Алланың мына аятын оқыды: «Расында Біз оларды қайта жаратамыз. Оларды қыздай етеміз» ("Уақиға" сүресі, 35-36 аяттар).
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір әйелге тағы: Осылайша Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әзілінде үш сипат бар еді:
– «Күйеуіңнің көзінде ақ бар ма?» – деді. Оның сөзі шындық болатын. ол тек әйелдермен, балалармен және тәрбиені қажет ететін әлсіз ерлермен әзілдесетін. әзілдері сирек болатын. Сондықтан оны үнемі әзілдегісі келетіндерге дәлел етуге болмайды. Өйткені сирек істің үкімі әрқашан жасалатын істің үкімі сияқты емес. Егер біреу күндіз-түні хабашылардың ойынын көріп жүрсе де, «Пайғамбарымыз Айшаны (р.а.) тұрғызып қойып, оларға қарауға рұқсат берген» деп дәлел қылса – қателеседі.
Себебі бұл оқиға сирек еді. Шектен тыс әзілдесу және оны әдетке айналдыру тыйым салынған, өйткені ол салмақтылықты түсіреді, жүректерде реніш пен өшпенділік туғызады.
Ал аз ғана әзіл – жоғарыда айтылған Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әзілдері секілді – көңіл ашуға және жақсылыққа себеп болады.
материал «Он бәленің тоғызы тілден» кітабынан алынды,
ummet.kz